21 мыңдық жәрдемақы кімге бұйырады?

21 мыңдық жәрдемақы кімге бұйырады?

Көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақыны алу үшін адам басына шаққандағы кіріс ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 процентінен, яғни 20 789 теңгеден сәл ғана асып кетсе, бұл отбасы тұрмысы нашар отбасы санатына кірмейді. Себебі тәртіп сондай. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі  Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға берілетін әлуметтік көмек туралы айтып, 21 мың теңгенің кімдерге берілмейтінін түсіндіріп берді.

Министрдің сөзінен белгілі болғандай, отбасының жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан, яғни 20 789 теңгеден 10-15 теңге асып кетсе де, әлеуметтік аз қамтылған отбасы деп саналмайды екен. Оның  айтуынша бәрі заңға сәйкес жүзеге асатын болады.

Еске салар болсақ,  Елбасының тапсырмасына сәйкес, осы жылдың 1 шілдесінен бастап атаулы әлеуметтік көмек критерийі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 процентіне дейін көтеріледі. Яғни, 14 мың 849 теңгеден 20 мың 789 теңгеге дейін, ең төменгі күнкөріс деңгейі – 29 мың 698 теңге. Нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылатындар саны қазіргі 570 мыңнан 830 мың азаматқа дейін көбеймек.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях