Жұмыс сапары аясында

0
2157

Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Үмбетов, Қарасай ауданының әкімі Махаббат Бигелдиевпен бірге, таяуда ғана пайдалануға берілген ірі өнеркәсіп нысаны – «ALMATY STEKLO» ЖШС болды.

Елтай ауылдық округінің Жармұхамбет ауылында орналасқан кәсіпорын директоры Азим Абдуллаевтың айтуынша, зауыт қазақстандық және қытайлық инвесторлардың қаржысына салынған. Аумағы жеті гектар болса, зауыт пен оның қосымша құрылыстары 50 мың шаршы метрді алып жатыр. Мұнда қазір 330 адам жұмыс істеуде, оның 10-ы Қытай мамандары. Жалпы, кәсіпорында 400 адамға дейін еңбек ететін болады.

Зауытта өндірістік цехтармен қатар, зертхана бар, үш ірі қойма салынған. Сонымен қатар, 400 орындық асхана, 300 орындық акт залы, супермаркет, дәріхана қарастырылған. Тағы бір қуантарлық жай – қызметкерлер үшін зауыт аумағының өзінде 119 екі бөлмелік пәтері бар екі көп қабатты тұрғын үй тұрғызылған. Өндіріске аса қажет болғандықтан, осы жердің өзінде пленка жасайтын цех ашу жоспарланып отыр. Халық қалаулысы келген күні конвейерден бөтелкелер шығарылып жатты.

Серік Әбікенұлы облыс бойынша сапарын қорытындылай келе, өңірдегі өркенді істерге өте риза болғанын айтты. Осының бәріне Елбасының дана саясатының арқасында қол жетіп отырғанына кеңінен тоқталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь