Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров биыл зейнетақы мен кейбір жәрдемақы түрлері тағы 9 процентке индексацияланатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
– Зейнетақы мен кейбір жәрдемақылар шамамен 9 процентке индексацияланады. Бюжет нақтыланып, мәжіліс пен сенаттың қарауынан өтеді. Кейін президент «республикалық бюджет туралы» заңға қол қояды. Одан кейін оны іске асыру жайлы қаулы қабылданады, – деді ол.
Министрдің айтуынша, шамамен маусым-шілде айларында зейнетақы мен жәрдемақы өседі.