«Зәмзә» сауда орталығының аумағына жылжымалы медициналық кешен қойылды

«Зәмзә» сауда орталығының аумағына жылжымалы медициналық кешен қойылды

Ауданымыздың орталығы Қаскелең қаласында орналасқан «Зәмзә» сауда орталығының алаңыңда тұрғындарды коронавируске қарсы вакцинация жасауға ыңғайластырылған жылжымалы медициналық кешен жұмыс істеуде, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Ауруханаға немесе арнайы егу пунктеріне бара алмай жүрген қарасайлықтарға вакцинациялаудың барынша қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында кеше Қаскелең қаласындағы «Зәмзә» сауда орталығының аумағына жылжымалы медициналық кешен қойылды. Енді, аудан тұрғындары вакцинаны осы арнайы дайындалған көлікте қабылдай алады.

Жұмысын сағыт таңғы 10:00-нан бастайтын жылжымалы кешен толығымен қажетті медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған, сондай-ақ, мұнда вакцина салдырушылардың денсаулығын тексеретін бір терапевт дәрігер, бақылаушы және екпе салатын екі медбике жұмыс жасайды. Бұған қоса, кешен ішінде вакцина қабылдаған адамның 30 минут бойы бақылауда болуына барлық жағдай жасалған. Аталмыш медициналық кешен осы аптаның жексенбісі күніне дейін жұмыс істейтін болады.

Мұнан бөлек, тағы бір айта кетерлігі, кеше «Алтын орда» базарының аумағында орналасқан қалааралық бағытта жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көліктер тұратын автобекеттің қасында инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмыстарын жүргізетін арнайы егу пункті ашылды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях