Гүлзат Байзахова вакцинадан кейін коронавирус жұқтырған науқастар ауруды қалай көтеретінін айтты, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы, tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
№5 Қалалық аурухананың жалпы тәжірибелік дәрігерлер бөлімінің меңгерушісі Гүлзат Байзахованың сөзінше, коронавирусқа қарсы вакцинаның міндетті түрде екі компонентін де алу керек.
«Адам вакцина салдырғаннан кейін коронавирус жұқтырғанның өзінде ауруды жеңіл өткізеді. ПТР-тестінің нәтижесі оң болғанымен кей жағдайда симптомсыз ауыруы мүмкін. Жеңіл формада өтеді. Вакцинадан кейін асқыну деректері тіркелмеген», — деді дәрігер ӨКҚ брифингінде.
Еске салайық, Алматы коронавирус жұқтырған науқас саны бойынша республика бойынша екінші орында: пандемия басталғалы 93 674 адам инфекция жұқтырса, 80 178 адам аурудан айыққан.