Қ.Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдау жариялайды

Қ.Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдау жариялайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға кезекті Жолдауын жариялайды, деп хабарлдайды karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы 2020 жылдың 1 қыркүйек күні өтетін Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияланады деп жоспарланып отыр. Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады», – деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях