«Tengri Bank» филиалын ашты (Видео)

«Tengri Bank» филиалын ашты (Видео)

Қазақ елі үшін ағымдағы жыл бірқатар атаулы күндер мен мейрамдарға толы болды. Осындай, мән-маңызы жағынан жоғары тағы бір мерекелердің қатарында ұлттық валютамыз – теңгенің айналымға енген күні де бар. Ауданымызда төл теңгеміздің 25 жылдығына орай бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып, соның бірі, ретінде кеше жаңа банктың ашылу салтанаты өтті.

Атап айтсақ, Қаскелең қаласында «Tengri Bank» банкының Алматы облыстық филиалы тұрғындарға есігін айқара ашты. Салтанатты жиынға аудан әкімі Жандарбек Далабаев пен осы қаржы мекемесі басқарма төрағасының орынбасары Динеш Кумар қатысты. Ғимараттың лентасы қиылған соң, банк басшылығы мен Қарасай ауданы әкімдігі арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Алғашқы болып сөз алған аудан басшысы Жандарбек Ермекұлы Қарасай жеріндегі 13-ші банктың ашылуымен барлығын құттықтап, алдағы уақытта олармен қоян-қолтық жұмыс атқаратынына сенім білдірді. Ал, өз кезегінде басқарма төрағасының орынбасары Динеш Кумар ауданымыздың орталығы саналатын, 66000-нан астам тұрғыны бар Қаскелең қаласында филиал ашудың стратегиялық маңызы зор екенін алға тартты. Сонымен қатар, Қаскелеңде «Tengri Bank» филиалын ашу туралы шешім қабылдай отырып, ең алдымен ауданның әрбір тұрғынына сапалы банк қызметімен қамтамасыз етуді де мақсат ететінін жеткізді.

Жалпы, жаңа филиалдың өзі жайлы айтар болсақ, онда клиенттерге шот ашу, ақша аударымдары бойынша операциялар, сауданы қаржыландыру құралдары, кредиттеу, қаржы лизингі, банктік кепілдіктерді беру, конверсиялық мәмілелер, жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, есептік-кассалық қызмет көрсету, инкассация қызметтері мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген лицензия аясындағы өзге де операциялар сияқты банк қызметтерінің кең түрі көрсетіледі. Бұдан бөлек, келушілерге барынша қолайлы болуы үшін офисте ұсынатын қызметтер туралы ақпарат беретін және өздерін қызықтыратын кез келген сұрақтар қоя алатын кеңесшілер жұмыс істейтін болады. Ал, қаржы ұйымының негізі 1992 жылы тұрақты, қарқынды дамып келе жатқан коммерциялық банк ретінде қаланған. Бүгінде оның бөлімшелері Алматы, Астана, Шымкент, Ақтау, Көкшетау, Павлодар және Қарағанды сияқты ірі қалаларында бар.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях