Қарасай ауданының тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен бірінші желтоқсан — Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті күніне орай, кеше «Сыныптастар сыры» атты кездесу кеші өтті. Оған Елбасымен мектеп қабырғасынан бірге өскен құрбы-құрдастары, аталмыш мекеменің директоры Серік Қалиев пен қызметкерлері қатысты.
«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала аясында өткен жиын барысында мектепте бірге оқып, жастық шақтары бірге өткен сыныптас достары Нұрсұлтан Әбішұлының балалық шағы туралы, кейінгі жылдардағы жылылыққа толы кездесулері жайлы естеліктерімен бөлісті.
Қызықты басқосу соңында олар Музей директоры мен оның ұжымына жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын айтты.
Сонымен бірге, музей қызметкерлері Елбасының парталас достарымен естелік суретке түсіп, олардың батасын алып тарқасты.