Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Өз үйім» бағдарламасы (Видео)

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Өз үйім» бағдарламасы (Видео)

Қазіргі таңда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» баспана алам дейтін орташа табысы бар тұрғындар үшін тиімді банктердің бірі болып табылады. Бүгін аталмыш банктің Алматы облысындағы филиалы баспасөз турын ұйымдастырып, өз шарттарын ұсынды.

Нақты айтқанда, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» осыдан 3 жыл бұрын әзірленген «Өз үйім» бағдарламасының тиімді тұстарын түсіндірді. Шарттары қарапайым: «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы сияқты бұл да жылдық 7 пайыздық мөлшерлеме арқылы берілсе, алғашқы ең төменгі жарна да 20 пайызды құрайды. Несиенің ұзақтығы 25 жыл. Ал, ерекшеліктері сіздің басқа да жылжымайтын мүлігіңіздің бар-жоғына қарамайды, сондай-ақ, қай қалада тіркеуде болуыңызда маңызды емес.

Бұл бағдарлама аясында біздің аудан бойынша Қаскелең қаласындағы бірнеше баспаналар қолданысқа берілмек. Атап айтсақ, қаламыздағы Байғазиев көшесінің бойында орналасқан «Алатау ажары» тұрғын үй кешенінде қазіргі таңда 36 пәтер сатылымда бар.

Сондай-ақ, Қаскелең қаласының Оңтүстік бөлігіндегі  жаңадан іргетасы қаланған коттедж қалашығы да таныстырылды. Банктің «Өз үйім» бағдарламасы аясында қазіргі уақытта 13 үй  қолданысқа берілмек. Ал, жалпы ауданы 105-110 шаршы метр аралықтағы аумақты қамтыса, ауласында қосымша жер телімдері де бар.

Ал, банктің Алматы облысы бойынша филиал директорының орынбасары ағымдағы жылды қысқаша қорытындылап, салымшылар арасынан аудан тұрғындарының да көп екенін айтады.

Жалпы, «Өз үйім» бағдарламасына «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» кез келген салымшысы қатыса алады. Және  baspana.kz порталы арқылы ұнаған пәтеріңізді таңдап, тұрғын үй сатып алуға өтініш бере аласыз.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях