Сот төрағасының марапатын алды

0
2669

Қарасай аудандық соты да БАҚ саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, аудандық «Заман жаршысы» газетінің тілшілерін құттықтап, марапаттады.

Атап айтқанда, кеңсе меңгерушілері Б.Жаманбалина мен М.Қожатаева сот төрағасы Мәди Көшікбаевтың атынан басылым тілшілері Т.Мұхтарова мен К.Көпбаеваға сот жүйесінің қызметін ақпараттық жариялаудағы жұмысын белсенді атқарғаны үшін Алғыс хат тапсырды.

Мереке иелеріне деген жақсы тілегін жеткізіп, алдағы уақыттарға шығармашылық табыстар тіледі. Жаңа реформаларды жүзеге асырып, сот жүйесіндегі ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған ортақ істе ынтамақтастық арта беретініне сенім білдіріп, гүл шоқтарын ұсынды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь