Әскери міндеттілер марапатталды

Әскери міндеттілер марапатталды

Кеше аудандық Қорғаныс істер бөлімінің ғимаратының алаңында карантиндік іс-шараларға қатысқан әскери міндеттілерге құрмет көрсетіліп, естелік медальдар табысталды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Арнайы әскери міндеттілер ротасы Төтенше жағдай кезінде ерекше еңбегімен көзге түсті. Олардың атсалысуымен карантин кезінде ауданымыздың аумақтарында тәртіптік жұмыстары нығайтылып, көптеген нысандарында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес ерікті түрде әскер сапына қосылған ауданымыздың 78 азаматы Отан алдындағы борышын адал атқарды.

Осы ретте кеше аудандық Қорғаныс істер бөлімінде төтенше жағдай кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсене атсалысқан сарбаздар ҚР Қорғаныс министрі, генерал-майор Н.Ермекбаев атынан арнайы естелік медальдарімен марапатталды. Елінің алдындағы борышын үлкен жауапкершілікпен атқарған 51 әскери міндеттілерге медальдарды ауданымыздағы әскери міндеттілер жиының командирі, полковник Зоидбой Шоибов табыстап, карантиндік іс-шараларға қатысушыларға тыңғылықты жұмыстары үшін шынайы алғысын білдірді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях