Ауданымызға қарасты Шамалған ауылдық округінде көгілдір отынның қымбатшылық мәселесі осы уақытқа дейін аудандық, облыстық дәрежеде бірнеше рет көтерілген еді. Алайда, жылдар бойы шамалғандықтарды мазалап келген бұл күрделі мәселе әлі күнге дейін өз шешімін таппады. Қымбатшылықтан әрі округті газбен қамтамасыз ететін «Сигма-газ» ЖШС компаниясы тарапынан көрсетілетін төмен дәрежедегі қызметтен әбден шаршаған халық «Сигма, кет» деген ұранмен бүгін ауылдық әкімдіктің алдына жиналып, өздерінің наразылығын білдірді. Тұрғындардың айтуынша, бүгінде олар «Сигма-газ» ЖШС-на көгілдір отынның бір кубы үшін 34 теңге 75 тиын төлеуде, ал бұл ауданымызға қарасты өзге округтер мен ауылдар төлейтін тарифтерден 5-6 теңгеге қымбат. Оның үстіне соңғы айларда берілетін жылу мөлшері өзгермеседе осы айда қолданған газ үшін баға екі есеге ұлғайып кеткен. Бұған қоса, үйіне газ тартып алу үшін кейбіреулері 600-700 мың теңге төлеген (басқа ауылдарда газ қостырудың бағасы 150-300 мың теңге аралағында). Үлкен мәселе көтеріп келген қарасайлықтармен аудан әкімі Жасұлан Естенов, жергілікті әкімдік өкілдері, аталмыш компанияның директоры Василий Прокофьев кездесті.
«Сигма, кет». Қарасайлықтар көгілдір отын бағасына наразылықтарын білдірді (Видео)
1801
0
Қарасай ауданында мәслихаттың алғашқы сессиясы өтті
Қарасай ауданының мәслихат депутаттары бүгін алғашқы сессияларына қатысты. Халық қалаулылары төсбелгілерін тағып, куәліктерін қолдарына алды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Бүгін VIII шақырылған аудандық мәслихатының...
Қаскелең бойынша екі маршрут іске қосылады (Видео)
Қарасай ауданында соңғы кездері қоғамдық көлікке қатысты мәселелер жақсы жағынан шешіліп келеді. Сондай жағымды жаңалықтардың бірі ретінде 3 сәуірден бастап Қаскелең қаласы бойынша №1...
«A’SU», «Pepsi», «Gracio», «Lipton», «DaDa» и другие производят на карасайской земле...
Одна из производственных артерий широко известной в Центральной Азии компании «RG Brands Kazakhstan» находится на благодатной карасайской земле. Это производственно-логистический центр «Аксенгир», где налажен...
Сағат 20.10: Алматы облысында халықтың 60,03% сайлауға келді
Соңғы деректерге сәйкес Алматы облысында халықтың 60,03% дауыс берді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023...
Ұлы Отан соғысының ардагері ел қатарлы таңдау жасады
Бір ғасырлық ғұмырдан асқан Ұлы Отан соғысының ардагері Адиш Абдраимов бүгін сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Қарасай ауданының орталығы...