Шілдеге дейін мерзімі өткен жүргізуші куәліктерін ауыстыру қажет

Шілдеге дейін мерзімі өткен жүргізуші куәліктерін ауыстыру қажет

Автокөлік иелері карантин кезінде мерзімі өткен жүргізуші куәліктерін 2020 жылдың 10 шілдесіне дейін ешқандай әкімшілік жауапкершіліксіз ауыстыруға болады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

– Коронавирус індетінің жаппай таралуына байланысты жарияланған карантин уақытында мерзімі өткен құжаттарды ешқандай әкімшілік жауапкершіліксіз ауыстыруға 10 шілдеге дейін мүмкіндік берілді. Осы мерзімге дейін азаматтар жүргізуші куәлігін, жеке басын куәландыратын құжаттарын, өздеріне тиесілі қарулардың рұқсаттамаларын еш айыппұлсыз жаңарта алады, – деп хабарлады Алматы облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Дәулет Молдаханов.

 

Аталған басқарманың хабарлауынша, Алматы облысы бойынша 753 тұрғын өздерінің бұрынғы жүргізуші куәліктерін жаңартуға онлайн тапсырыс берген. Сондай-ақ, 247 автокөлік иелері темір тұлпарларын сату және сатып алу жұмыстарын онлайн арқылы жүзеге асырған.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях