Шалқар ауылында балаларға арналған ойын алаңы салынатыны жайлы бүгін аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың округ тұрғындарымен өткізген есептік жиынында айтылды, деп хабарлайды naqty.kz желілік басылымы.
Кездесу барысында шалқарлықтар ауылдарында балалар үшін мүлдем қолайлылық қарастырылмағанын жарыса айтты. Олардың сөзіне сүйенсек, мұнда мүлдем балабақша мен ойын алаңын жоқ екен. Жандарбек Ермекұлы көтерілген мәселелердің барлығынан хабардар екенін жеткізіп, биыл ауылдағы Сәкен Сейфуллин көшесінің бойына балаларды саламатты өмір салтына баулу мақсатында заманауи үлгіде жабдықталған «Street Workout» спорт алаңы салынатындығын мәлімдеді. Ал, балабақшаға қатысты мәселені анықтауды аудандық білім бөліміне тапсырды.