«SCAT» әуе компаниясы тегін қызмет көрсетті

«SCAT» әуе компаниясы тегін қызмет көрсетті

SCAT Қазақстан қалаларына өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратын тегін жеткізді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы әуе компаниясына медициналық жабдықтарды тасымалдау өтінішімен жүгінген. SCAT  компаниясындағылар қандай жүк жеткізетінін білген соң,  оны тегін тасымдауға шешім шығарады.

Орал, Ақтау, Ақтөбе және Атырау қалаларына 25 өкпені жасанды тыныс алдыру аппараты жеткізілді.

«Біз қазіргі қиын кезде дәрілік заттар мен медициналық жабдықтарды жеткізуге ерекше назар аударамыз және жеткізілген жабдық аурумен күресіп жатқандардың бәріне көмектеседі деген үміттеміз», — деп атап өтті SCAT компаниясындағылар.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях