Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының перзентханасынан ақжолтай жаңалық жетті, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Таңертең ғана сайлау учаскесінде қалаған кандидатқа дауыс беріп үлгерген келіншектер аздаған сәттерден соң-ақ сәбилі болды. Қазіргі уақытта пейілді күнде перзенхтана балаларының саны артып, Баймұхаммед, Сафия, Амина есімді үш балапан өмір есігін ашты! Біз Амина бүлдіршіннің анасын құттықтап, әңгімеге тарттық. Қонаевтық Жансая Дүйсенбек өз сөзінде:
– Ерекше күні өмір есігін ашқан балапаным халықтың қалаулысы болсын деп тілеймін. Қуанышым шексіз. Ақ халатты абзал жандарға, перзентхана ұжымына айтар алғысым көп. Бүгін, елімізде өтіп жатқан сайлау ойдағыдай өтіп, Қонаев қаласының болашағы жарқын болсын”,-деген ақ тілегімен бөлісті нәрестесін дүниеге алып келген ана!
Ниетті күні дүниеге келген балапанның салмағы 3308 грамм, ал бойы 53 см. Дәрігерлердің айтуынша бөпелердің денсаулығында еш кінәрат жоқ, барлығы биік бедерде болған. Қуанышы қойнына сыймаған Қонаевтық аналарды құттықтап, сайлау күні өмірге сәтті келген балапандардың өмір жасы ұзақ болсын дедік. Айта кетерлігі аталмыш перзентханада күн аяғына дейін өмірге келуі күтілген сәбилер де бар. Осындай шаттықты жаңалық шартарапты шарласын.