Жетісу облысының Ескелді ауданында мал ұрлығы 48,1% — ға азайды

Жетісу облысының Ескелді ауданында мал ұрлығы 48,1% — ға азайды

Мал ұрлығы ең резонансты қылмыстардың бірі болып табылатыны белгілі, өйткені мал – ауыл халқының тіршілік әрекетінің негізгі көзі, деп хабарлайды naqty.kz  желілік басылымның тілшісі.

2020 жылы мал ұрлығы үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуді көздейтін заңнамаға өзгерістер енгізілді. Малдың халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы үшін зор маңызын ескере отырып, Қылмыстық кодекске жеке 188-1 – бап — «мал ұрлығы» қосылды, ол бойынша бас бостандығынан айырудың ең ұзақ мерзімі 12 жыл. Бұл оң нәтиже берді. Ағымдағы жылдың 7 айында мал ұрлығы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда -48,1%-ға (52-ден 27-ге дейін) төмендеді. Жазаның ауырлығы мен тараптардың татуласуына тыйым салу мал ұрлауда сенімді тосқауыл болды.

Мәселен, Ескелді ауданы, Бөктерді ауылының тұрғыны
жыл бойы аудан аумағында мал ұрлығын жасауды жоспарлап, қылмыстық әрекеттерімен жәбірленушілерге 710 мың теңгеден астам көлемде материалдық залал келтірілген.

Сот аталған тұлғаны мал ұрлығының 5 эпизодын жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оны 5 жылға бас бостандығынан ауыру жасасына соттады.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях