Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 80 адамға жетті

Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 80 адамға жетті

Кеше Қытайда коронавирустан  қаза тапқандар саны 80 адамға жетті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы  Kaz.Nur.kz  сайтына сілтеме жасап.

Интерфакс басылымының дерегінше, өткен тәуліктің ішінде аталған вирустан 24 адам көз жұмды. Олардың барлығы коронавирус тарала бастаған Ухань әкімшілік орталығында қайтыс болған. Жалпы, дүйсенбіге қараған түні Аспан асты елінде «өлім вирусын» жұқтырғандар саны 2 794 адамды құрады.

Аталған вирус Ухань қаласынан басталып Қытайдың басқа өңірлеріне, кейін өзге елдерге де жылдам тарап кетті. Айта кету керек, Қазақстанда қауіпті инфекцияға қатысты  оқиғалар бүгінгі күнге дейін тіркелген жоқ.

Кеше,  мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы коронавирустың елімізде таралуының алдын алуды тапсырды. Осыған байланысты Қазақстанның Премьер-министрі Асқар Мамин жиын өткізді.  Ал, кейінірек Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Қытай мен Қазақстан арасындағы барлық шекаралардың жабылғанын мәлімдеді.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях