YouTube желісі енді веб-сайт пен қосымшаның жоғарғы жағында көрсетілетін баннерде алкоголь, құмар ойындар, сайлау және саясат немесе рецептпен берілетін дәрі-дәрмек жарнама жасамайды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Holanews.kz сайтына сілтеме жасап.
Google өкілі жаңа шектеулер «қолданушылардың пікірін жақсартуға» арналғанын айтты.
Жоғарғы баннердегі жарнама блогы — YouTube-ті аша салғанда көзге түсетін орын. YouTube-тің мұндай типтегі жарнамаларға шектеу қоюы – желінің әр түрлі жастағы қолданушыларға арналғандығын, оны кез-келген жастағы азамат көре алатынын көрсетеді.
Сондай-ақ, енгізілген шектеулер YouTube-ке келіспеушіліктер мен жанжалдардан аулақ болуға көмектеседі.