ҚТЖ-да енді төрағаның екі бірінші орынбасары болады  

ҚТЖ-да енді төрағаның екі бірінші орынбасары болады   

Желіде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының құрылымы талқыланып жатыр. Онда ҚТЖ басқарма төрағасының екі бірдей бірінші орынбасары бар екені көрсетілген. Ұлттық компанияның баспасөз қызметі жағдайды түсіндірді, — деп хабарлайды karasayinfo.kz желідік басылымы  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Көлік компаниясының жаңа құрылымы туралы хабарлама Yedilov Online Telegram-арнасында жарияланған еді.

7 шілдеде басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып бұрын цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болған Әнуар Ахметжанов тағайындалды.

Әнуар Ахметжанов — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановтың туған ағасы. Telegram-арнасының авторы жаңа лауазым арнайы құрылған болуы мүмкін деп болжаған.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының екі бірдей бірінші орынбасары бар. Антикор төрағасының ағасы үшін арнайы «жылы орын» құрылды ма?», — делінген жазбада.

ҚТЖ баспасөз қызметі ұлттық компанияда басқарма төрағасының бірінші орынбасары екеу екенін растады.

«Бұл басқа елдер мен компаниялар тәжірибесінде бар. ҚТЖ-да бизнес-процестерді трансформациялау және цифрландыру мәселелері жөніндегі орынбасарды тағайындау осы бағыттағы жұмысты күшейтуге байланысты. Бұл бүгінде жұмыстың негізгі басымдықтарының бірі», — деді БАҚ-пен жұмыс департаментінің директоры Қайсар Жұмабайұлы.

Сондай-ақ, ол Әнуар Ахметжанов барлық конкурс рәсімдерінен өткеннен кейін қызметке бекітілгенін атап өтті.

Компания басқарма төрағасының бірінші орынбасары лауазымын Қанат Әлмағамбетов те атқарады.

2021 жылдың сәуірінде ҚТЖ басшысы ауысты. «Самұрық-Қазына» басқармасының шешімімен Ұлттық компания басқармасының төрағасы Нұрлан Сауранбаев болды. Бұрын ол Президент Әкімшілігінде жұмыс істеген.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях