Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында әуе қатынасын тоқтатуды ұсынып, рейс санын азайтуды сұрады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
– Шет мемлекеттердегі жағдайдың күрделуіне байланысты әрі инфекцияның таралмауына жол бермеу мақсатында 5 қазаннан басқа елдерге ұшатын қосымша рейстерді жандандыруды тоқтата тұруды ұсынамын. Әуе қатынасы жанданған елдермен рейстер санын арттырмау керек және Түркияға ұшатын рейстер санын азайту керек, – деді ол.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 107 908-ге жетті. 102 874 науқас айықты, 1 725 адам қайтыс болды.