Былтыр 20 мың отандасымыз өздерінің көлігіне әдемі деп саналатын «VIP» нөмірлерді сатып алған. Оның жалпы сомасы 5,8 млрд теңге болған, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Бұл ақпарат«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі жылдық қорытынды жариялағанда белгілі болды.
«Көлік иелері әдемі нөмірлерді өткен жылмен салыстырғанда жиі сатып ала бастады, 2020 жылы жалпы сомасы 3,9 млрд теңгеге 12 616 сатып алу болды, – деген дерек келтірді жоғарыда аталған ведомство.
Есеп бойынша, 2021 жылы VIP нөмірлерге ең көп ақша жұмсаған Алматы қаласының тұрғындары болған. Олар 6 882 «крутой» нөмірді 2,2 миллиард теңгеге сатып алған.
Екінші орында 3 190 нөмірді 818 миллион теңгеге сатып алған Шымкент қаласының жүргізушілері тұрса, ал Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары 2 231 нөмірді 667 миллион теңгеге сатып алған.
«Солтүстік Қазақстан облысында VIP-нөмірлер ең аз сұранысқа ие болып тұр.
Соңғы бір жылда солтүстік тұрғындары 45 миллион сұранысқа ие 169 нөмір ғана сатып алынған. Сандар мен әріптердің үйлесіміне қарай VIP-нөмірлердің құны 174 591 теңгеден 872 955 теңгеге дейін барады», – деп жазылған хабарламада.
Бір ескеретін нәрсе, көлік нөмірінің иелері өздері сатып алған «крутой» нөмірлерді сыйлыққа бере алмайды немесе үшінші тұлғаға сатуға құқығы жоқ.