Ауа райының нашарлауына байланысты Ақмола және Алматы облысында көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми Telegram каналына сілтеме жасап.
Қолайсыз ауа райына (қар, боран, жолдың нашар көрінуі) 8 ақпанда сағат 10:30-дан бастап Ақмола облысында «Нұр-Сұлтан-Қорғалжын» автожолының 19-180 шақырымында «Нұр-Сұлтан қ.-Қорғалжын қорығы» учаскесінде барлық көлік түрлері үшін көлік қозғалысы шектелді.
Сонымен қатар, 8 ақпан күні, сағат 10:00-де Алматы облысында қолайсыз ауа райына (боран, шектеулі көрініс) байланысты «Үшарал-Достық» автожолының 83-184 шақырымында «Көктума ст-Достық ст.» учаскесінде («Автодор НС» АБК қайта құруға арналған учаскесі) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.