Әскери міндеттілерге құрмет көрсетілді

Әскери міндеттілерге құрмет көрсетілді

Карантин кезінде арнаулы әскери жиынға алынған азаматтар марапатталды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Әлем бойынша таралып жатқан пандемияның біздің елімізде орын алуына байланысты Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес әскери міндеттілер арнаулы жиынға шақырылған болатын. Сол күннен бастап ауданымыздың тұрғындарының қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау мақсатында 78 азамат арнайы әскери міндетіне кірісті. Өз еркімен келіп, елмен, халықпен бірге екендіктерін көрсеткен әскерилер блок-бекеттерде тәртіпті күшейтіп, залалсыздандыруды жандандырды. Сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп патрульдеу жұмыстарына қатысты. Елдегі орын алған жағдайларда тасада қалмай өмірлерін қатерге тігіп бір ай көлемінде құрметке лайық қызмет етті.

Бүгін осы елімізде орын алған төтенше жағдай кезінде міндеттерін адал орындаған сарбаздар ҚР Қорғаныс министрі Н.Ермекбаев атынан арнайы  медальдармен марапатталды. Міндетін жоғары дәрежеде атқарған 27 әскери міндеттілерге медальді аудан әкімінің бірінші орынбасары Айжан Назарбаева мен Алматы облысының аумақтық қорғаныс бригадасының командирі Зоидбой Шоибов табыстап, ерекше алғысын жеткізді.

Обсуждение: 2 комментария
  1. Марат
    Ответить

    молодцы поздравляю!

  2. Марат
    Ответить

    заслуженно

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях