Шілде айында 42 500 теңгеге өтінім жібермеген деп, тамызда 63750 теңге алады

Шілде айында 42 500 теңгеге өтінім жібермеген деп, тамызда 63750 теңге алады

Елімізде карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты қазақстандықтар 63 750 теңге алады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл туралы Еңбек және халық әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан карантиндік шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылған жағдайда біржолғы төлем алушыларға төленетін 42500 теңгеге қосымша оның жартысы ретінде ең төменгі жалақы автоматты түрде аударылады.

Карантин ұзартылғаннан кейін МӘСҚ-дан біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ең төменгі жалақы немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылғы шілдеде карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты жұмыс істейтін қазақстандықтарға табысын толық жоғалтқан жағдайда бір ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындау жүзеге асырылады.

Жоғарыда көрсетілген төлемге азаматтардың келесі санаттары үміткер бола алады:

1) мемлекеттік заңды тұлғалардың (шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлерінен басқа), сондай-ақ акциялары мен жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің 100% — ы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың қызметкерлерін қоспағанда, жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлер;

2) жеке кәсіпкерлер;

3) жеке практикамен айналысатын адамдар;

4) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар;

5) бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях