Шөкеев: Өзбекстан тарапы біздің коллекторларды тазалауға көмектеседі

Шөкеев: Өзбекстан тарапы біздің коллекторларды тазалауға көмектеседі

Бүгін Үкіметтің кезекті отырысы Түркістан облысындағы су тасқынының салдарымен күрес шараларын талқылаудан басталды, деп хабарлайды  karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев әлі 7 елді мекенді су басу қаупі барын айтты. 4 мамырда түркістандық тарап Өзбекстанға барып, мәселені шешу жолдарын бірге талқылаған.

– Кеше біз әріптестерімізбен Өзбекстанға барып, ЦГК-ны — центральный голодностепный коллекторды түгел аралап шықтық. Қауіпті деген жерлердің барлығын қарап шықтық. Соның ішінде Қоғалы елді мекенінің маңынан көпірді қарап, соның қасынан тағы қосымша каналдар ұйымдастыруды ұйғарып, кеше сол жұмыс жасалды, – деді Шөкеев.

Облыс әкімінің айтуынша, өзбек тарапы біздің коллекторларды тазалауға көмектесетін болыпты.

– Өзбекстан тарапынан мамандармен тығыз байланыстамыз. Қазір жағдай тұрақталғаннан кейін олар өздерінің техникаларымен кіріп, біздің коллекторларды тазалауға көмектесетініне келісім алып келдік. Тек қана оларға шекара жағынан рұқсат беруіміз керек, – деді ол.

Еске салайық, Өзбекстанда 1 мамырда болған жаңбыр мен дауылдан кейін Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылған еді. Кейін Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының 10 ауылын су басқанын мәлімдеген.

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях