Жақында ауданымыздың салық қызметкерлері студенттермен кездесіп, семинар сағатын өткізді. Ондағы мақсат — «Қазақстанда салық конвенцияларын қолдану» тақырыбында толыққанды ақпарат беру еді. Қарасай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Рахымжан Мырзаханұлы бастаған салық саласының мамандары Қаскелең қаласындағы Сулейман Демирел атындағы университеттің экономика және әкімшілік басқару ғылымдары факультетінің студенттерін мол мәліметтермен қанықтырып, білімдерін тексеріп көрді. Бөлім басшысы Айсұлу Бекназарованың дерегіне сүйенсек, бұл қызықыт әрі пайдалы басқосу барысында жастар да жоғары сауаттылық танытып, мемлекеттік кіріс ісі бойынша көп сұрақтар қойған. Семинар соңынан студенттердің жақсы аяқ алысын байқаған мамандар ризашылықтарын білдіріп, осындай жүздесулерді болашақта жиі өткізіп тұрудың маңызына тоқталған.
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать