Қазақстан Президентінің «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшірудің кейбір мәселелері туралы» қаулысының жобасы Ашық НҚА сайтына жарияланды, — деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы жарлыққа қол қойған жағдайда, латын графикасына негізделген қазақ тілінің әліпбиі мынадай болады:
Айта кетейік, әліпбидің жаңа нұсқасында 2021 жылдың қаңтарында ұсынылған нұсқамен салыстырғанда «Ң» әрпінің жазылуы өзгеше. Қазір «ың» дыбысы латын тілінде «Ñ» деп белгіленген. Ал бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұсынылған кестеде әріп «Ŋ» деп белгіленген.
Еске салайық, жетілдірілген әліпбиде 31 әріп бар. Онда қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылған.
Құжат 2021 жылдың 6 мамырына дейін ашық талқыланады.