Республикалық семинар

Республикалық семинар

Бүгін ауданымыздың орталығында орналасқан Абай орта мектеп-гимназиясында «Жаратылыстану пәндерін үш тілде меңгеру – жаһанданған дамудың жолы» атты республикалық семинар өтті деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік баслымның тілшісі.

Семинарды үштілдік бойынша пилоттық мектептердің қатарына енген, Назарбаев зияткерлік мектептерінің тірек мектебі болып табылатын Абай атындағы орта мектеп-гимназиясы «Назарбаев Зияткерлік мектептері», «Педагогикалық шеберлік орталығы» Алматы қаласындағы филиалы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Орталық Азия университетінің Білім беруді дамыту орталығы, Алматы облысының білім басқармасы, «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірлескен, жастар жылы аясында және педагог мәртебесін көтеру үшін өткізді.

[su_custom_gallery source=»media: 7862,7863,7864,7861,7860″ limit=»100″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Еліміз бойынша тұңғыш ұйымдастырылған семинардың ұйытқысы, Кембридж Университетінің Білім беру факультетімен бірлескен Педагогикалық шеберлік орталығының 9-айлық бағдарламасын аяқтаған, әрі оның сертификат иегері, мектеп-гимназия директоры Тұрсын Сайбырова . Бүгінгі таңда білім ордасының басшысы бағдарлама аясында алған тәжірибесін ұстаздар қауымымен бөлісуде.

Оған комиссия мүшелері ретінде Алматы облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы меңгерушісінің орынбасары Эльвира Досаева, Орталық Азия университетінің Білім беруді дамыту орталығының үйлестірушісі Жанар Болатбекқызы, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДДБҰ-ның педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері Ғалия Толықбаева мен Зухра Мейрханова «Қазақстан жас педагог ғалымдар қауымдастығының» төрайымы Мөлдір Абдраймова және осы қауымдастықтың магистрлері мен PhD докторлары, Қарасай ауданы білім бөлімінің әдіскері Рая Жұрын қатысты және аталмыш білім ұясынын ұстаздар қатарыда белсенділік танытты.

Тәжірибе алмасуға арналған маңызды іс-шараның мақсаты –жаратылыстану пәндерін үш тілді оқытудағы жетістіктер мен кедергілерді анықтай отырып, оларды шешу жолдарын қарастыру, осы орайда ағылшын тілінің элементтерін енгізу арқылы мұғалімдердің педагогикалық дағдыларын жетілдіру. Басқосу барысында Абай мектебінің мұғалімдері өздерінің салаларына байланысты оқушыларға шеберлік сағаттар, тестер мен неше түрлі ойындар арқылы сабақ өткізді. Ал, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика Университетінің жас мамандары өздерінің тақырыптары бойынша семинар-тренингтер ұйымдастырды. Сонымен қатар, семинарда мамандар өзара тәжірибе алмасып, өз тақырыптарына байланысты білімі мен біліктілігін, шеберліктерінен жетілдірді.

Семинар соңында жоғарыда аталған комиссия мүшелері мұғалімдердін өткізген сабақтарына жақсы деген бағаларын беріп, сабақты жүргізу жоспарына біраз өзгерістер ретінде ұсыныстарын айтты. Ал, қатысушы мұғалімдер осы семинарды ұйымдастырған мектеп ұжымына алғыстарын білдірді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях