Ресей әншілері елімізде өтетін концерттен бас тартып жатыр  

Ресей әншілері елімізде өтетін концерттен бас тартып жатыр   

Ресейлік танымал әнші Валерий Леонтьевтің Алматыдағы концерті кейінге шегерілді.

Әнші 10 наурызда Алматы жұртшылығына ерекше кеш сыйламақ болған, деп хабарлайды Naqty.kz  желілік басылысы  Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Алайда оған Ресейден Қазақстанға ұшақпен ұшып келуге тыйым салынған. Валерий сол себепті Алматыдағы концертін 25 мамырға шегерген. Бұл ақпаратты «Алматы әуендері» концерттік бірлестігі растап отыр.

«Ресей мен Украина қақтығысына байланысты әншіге елімізге ұшақпен ұшып келуге тыйым салған. Осы күнге дейін шамамен екі мыңға жуық билет сатылды. Билет сатып алған көрермен ақшасын қайта қайтарып ала алады. Немесе концерттің өтетін уақытын күтсе болады», — дейді «Алматы әуендері» концерттік бірлестігінің маркетинг маманы Дана Әлібаева.

Тек Леонтьевтің концерті кейінге шегерілген жоқ. Сонымен қатар ресейлік әнші Любовь Успенскаяның кеші де өз уақытында өтпейтін болды. Наурыз айының соңына жоспарланған шоу-концерт 11 қыркүйекке ауысты. Ал сәуір айында Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласына гастролдік сапармен келетін әнші Алексей Чумаковтың шығармашылық кешіне билеттер сатылып жатыр. Әзірге әнші концерттен бас тартпаған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях