«Өнер мектебінің» есеп беру кеші өтті

«Өнер мектебінің» есеп беру кеші өтті

Шалқар ауылында орналасқан «Өнер мектебі» жұмыс жасай бастағанына көп болмаса да ауданымыздың өнерлі балаларын тәрбиелеп, оларды үлкен өнер жолына бағыттауда қарқынды еңбек етіп келеді. Күні кеше Шамалған округінің Мәдениет үйінде «Біз – өмірдің гүліміз!» атты Шалқардағы «Өнер мектебінің» бір жылдық есеп беру концерті өтті, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

[su_custom_gallery source=»media: 44168,44169,44161,44163,44162,44165,44166,44164″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Өнер ордасының қорытынды кешін тамашалауға келген ата-аналармен қоса ауыл тұрғындарының да қарасы қалың болды. Салтанатты шара барысында көрермендер назарына алдымен ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас, кішкентай баланың өсіп, жеке отбасының отағасы болған кезеңі көрсетілген кішкентай өнерпаздардың «Көлеңкелі театр» ұсынылды.

Шараның шымылдығын мектеп директорының міндетін атқарушы Бағлан Шапиева ашып, бір жылда атқарылған жұмыстар жайлы айтып өтіп, білім ордасының ұжымына сенім білдірген ата-аналар мен балаларға алғысын білдірді. Құттықтау сөздерден кейін «Серпін» ансамбі «Секіртпе» күйін орындап жиналғандарға тамаша көңіл-күй тарту етті.

Жалпы кеш барысында сахна төрінде «Қалқа», «Ақ бұлақ», «Ән терме» секілді күйлер, «Гүлдер», «Өзбек» атты билер, «Қазақстаным» сияқты әндер орындалды. Бұған қоса «Цирк өнері» мамандығының ұстазы Абылай Абдигалиевтің жетекшілігімен акробатикалық трюктар да көрсетілді.

Жанды дауыста, жоғары деңгейде өткен шарада мектептің кішкентай өнерпаздары өздерінің шеберліктерін барынша көрсете білді.

Кеш қонақтары оқушылардың шығармаларын жоғары бағалап, жақсы әсер алып кетті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях