Медициналық сақтандыру жайлы түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Медициналық сақтандыру жайлы түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Ауданымызда Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы, Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті тарапынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Ауданымыздың орталық ауруханасы ұйымдастырған жиынға ауылдық округтердің әкімдері, бөлім басшылары, мектеп директорлары мен мұғалімдер, округтердегі денсаулық сақшылары қызметкерлері, мемлекеттік және жеке меншік мекемелер басшылары мен қызметкерлері қатысты. Кездесудің мақсаты – міндетті медициналық сақтандыру және медициналық көрсетілетін қызметтер жайында, тұтынушылардың құқықтары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

[su_custom_gallery source=»media: 9359,9360,9366,9364″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Жиында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек, Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Айганбек Мәлейұлы, республикалық электронды денсаулық сақтау орталығы мемлекеттік кәсіпорнының Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Біржан Байжанов медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігі және тұтынушыларға ұсынылатын медициналық қызметтері туралы айттып өтті. Сонымен қатар, оның барысында әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ, медициналық қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдер мен талаптарға сай медициналық көмек беретін, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтерін сатып алуды және оларға ақы төлеуді жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым екені де айтылды.

[su_custom_gallery source=»media: 9361,9365,9363,9362″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Мұнан бөлек кездесуде 2017 жылдың қараша айында жасалған Қазақстанның ауруханалары мен емханаларының жұмысын бағалау бойынша «Медициналық сақтандыру қоры: халықтық бақылау» атты мобильдік қосымша жайлы да толығырақ сөз болды.

Жиын соңында тұрғындар келген мамандардан өздерін аландатып жүрген сұрақтарына жауап алды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях