Бүгін қала әкімі Асқар Мұқашев аудан жастарымен бірігіп, ауқымды сенбілік өткізді. Шара негізінен ауданымыздың орталығы Қаскелең қаласының мерекесіне орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.
«Көрікті қала – Қаскелең» атты қаламызды абаттандыруға және көгалдандыруға бағытталған сенбілік барысында қала әкімі мен 30-дан астам еріктілермен бірге қаскелеңдіктердің жиі демалатын орны Ақсай шатқалының аумағындағы қоқыстарды тазалады.
Мұндай тазалық жұмыстары бүгін Қаскелеңнің барлық аймағында өтуде. Оған мемелкеттік және жеке меншік мекемелерінің қызметкерлері мен қала тұрғындары да барша атсалысып, сүйікті де көрікті қаламыздың абаттандыру ісіне өз үлестерін қосуда.