Ескелді ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен осы аптаның сейсенбі күні жұмыссыздарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері бойынша аудандық Мәдениет үйінде «Бос жұмыс орындар жәрменкесін» өткізді, деп хабарлайды naqty.kz желілік басылымның тілшісі.
Халықты жұмыспен қамтамасыз ету – әрбір мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі басымдықтарының бірі. Осы іс-шараға Ескелді ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары, жұмыс берушілер, шаруа қожалығының және жеке кәсіпкерлердін басшылары, жұмыссыз аудан тұрғындары, аудандық сот орыңдаушылардың есебінде тұрған борышкерлер, аудандық пробация қызметінде есебінде тұрған жұмыссыз азаматтар шақырылды. Жәрменкеге18 жұмыс берушілер қатысып, олардың алпыс үші бос лауазымдық орындар үсынылды. Ал, электронды «Еңбек» биржасынан 42-вакансия ұсынылды. Өз кезегінде жұмыссыз азаматтар көкейдегі толғандырып жүрген мәселелері бойынша толыққанды, әрі нақты мағлұматтар алды. Бұған қоса, шарада жиналғандарға өзінің жеке кәсібін ашқысы келетіндерге шағын несие және грант алу, сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта даярлау курстарынан өту сияқты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.