ЕРЕКШЕ ҚАБІЛЕТТІ БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ҮШІН

ЕРЕКШЕ ҚАБІЛЕТТІ БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ҮШІН

Ауданымызда «Дара» қайырымдылық қорының бастамасымен ерекше қабілетті балаларға тегін білім берілетін болады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Бүгінгі таңда ерекше білімді қажет ететін балалардың ой-өрістерін қалыптастырып, өмірге деген құштарлықтарын арттыру жолында білім беретін мекемелердің қатары аз емес. Соның ішінде «Дара» қайырымдылық қорының педагогикалық-психологиялық түзету кабинеттер желісін кеңейту бастамасымен  алдағы уақытта ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған білім ошағының тағы бірі Шамалған ауылындағы Үшқоңыр қазақ орта мектебінің жанынан ашылатын болады. Сондай-ақ, Шамалған орта мектебінде инклюзивтік білім беру ресурстық орталығы жұмысын бастағанын да айтуға болады. Бір айта кетерлігі, бұл Алматы облысы бойынша құрылған төрт орталықтың бірі. Ал, бүгін аудан әкімі Жандарбек Далабаев, облыстық білім беру басқарма басшысының орынбасары Майгүл Омарова және тағы басқа осы саладағы мамандар біз айтып отырған қос бірдей білім беру орындарымен танысты. Жоба шеңберінде «Дара» қайырымдылық қорымен психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің методикалық қолдауы жүргізіледі. Психологиялық-педагогикалык орталығында балалардың барынша дағдыланып, жалпы білім беру жүйесіне қосылуына жақсы жағдай жасалған. Сонымен қатар, Шамалған ауылында барлық балаларға арналған және ерекше қажеттіліктері бар балаларға ыңғайластырылып ойын алаңы да тұрғызылған.

[su_custom_gallery source=»media: 13054,13053,13052,13051″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Жалпы, бұл «Дара» қайырымдылық қорымен ашылған білім орындары мемлекеттік қарамағында болып саналады және оған барлығы да тегін қабылданады. Келешекте ерекше қажеттіліктері бар балалар дефектолог, психолог, логопед т.б білікті мамандардан сапалы түрде көмек алып, өмірлерін жарқын бағытқа бұра алатын болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях