Қазақстандағы пәтер иелері кооперативі (КСК) тарифі 51 теңгеден 12 теңгеге дейін төмендейтін болады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Сондай-ақ, көп пәтерлі үйлердің тұрғындарында қаражаттың ашық жұмсалуын қамтамасыз ететін жеке ағымдағы және жинақ шоттары пайда болады.
Көп пәтерлі үйлерді жалға алушыларға арналған тарифті 51 теңгеден 12 теңгеге төмендету туралы мәселе Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында қаралған болатын. Енді, жаңа өзгерістер бойынша әрбір тұрғынның жасап жатқан төлемдерін өзі бақылай алуы үшін жеке ағымдағы және жинақ шоты ашылып, шаршы метрдің минималды құны 51 теңгеден 12 теңгеге дейін төмендейтін болады.
– Бұл шара пәтер иелері кооперативі (КСК) және қызметтер мен тарифтерді басқарушы компаниялар тарапынан қойылған тарифтерді төлемеуге, тұрғындардың қаражаттарын ашық жұмсалуын қамтамасыз етіп, оларға басқару әдістерін таңдау құқығын береді, – деді Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.