«Алтын ауыл» мектебінің мәжіліс залында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» Жобасын іске асыру бойынша семинар өткізілді деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.
Семинарға ауданымыздағы мектептердің директорлары, аудандық білім беру бөлімінің қызметкерлері, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының мамандары қатысты. Кездесуде аталмыш жобаға енгізу кезеңдері, оны іске асыру, сондай-ақ, жобаның артықшылығы, тиімділігі туралы айтылып, бастапқы кезеңде қолдау мақсатында ауданымыздағы мектептердің жобаға қатысуы туралы да айтылды.
Жиында аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Олжасов пен осы басқарманың жетекшісі маманы Рахима Джексембиева жоғарыда аталған жобаға қатысты баяндамаларын оқыды. Олар соңғы 5-10 жылда еліміздегі балалар денсаулықтарының нашарлауы 22% жеткендігін, сондай-ақ, олардың арасында ас қорыту, тыныс алу, көз,қан, жүйке жүйесінің, тірек-қимыл аппаратының аурулары, эндокриндік бұзылыстар кең таралғанын, психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстар бойынша аурушаңдықтың көбейгендігін айтты. Мұнан бөлек, артық дене салмағы және семіздік өз алдына ҚЖА, диабеттің, қатерлі ісіктердің және басқа қатерлі аурулардың қауіп факторларының өскендігін ескере отырып, елімізде жалпы білім беретін оқу орындарында «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» қанатқақты жобасын енгізу қолға алынғандығын тілге тиек етті. Бұл жоба негізінде мектептер бойынша балалардың денсаулығын нығайту, дұрыс тамақтану, балалар мен жасөспірімдер арасында аурушаңдық деңгейін төмендету, мектеп медицинасының денсаулықты нығайтуға ықпалын жақсарту арналған. Осы жоба бойынша елімізде 6 мектепте қазіргі таңда пилоттық нұсқа аясында тестілеу жұмыстары жүріп жатыр. Осы білім ордаларындағы пилоттық жоба жақсы нәтиже көрсеткендіктен, біздің ауданымыздағы бірнеше мектептерге де іске асыру туралы ұсыныс тасталып, маңыздылығы жайлы да ой қозғалды.
Семинар барысында осы жоба туралы бейнероликтер көрсетіліп, мамандар мен мектеп басшылығы арасында еркін әңгіме өрбіді.