Бұл спорт кешені Елбасымыздың бастамасымен салынып, 20 маусымда еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының қатысуымен салтанатты түрде ашылып, қолданысқа берілді.
Бүгінде Дәурен Төлеген басшылық ететін спорт мектебінде балалар мен жасөспрімдердің шынығуына толықтай жағдай жасалған. Болашақ чемпиондар келешекте жанкүйерлер жиналатан стадионда өз шеберліктерін шыңдап, түрлі спорт түрі бойынша арнайы залдарда толықтай емін-еркін жаттыға алады. Олардың бірқатарын спорт кешеннің басшысы Дәурен Төлеген толықтай өзі таныстырып өтті.
Аты айтып тұрғандай, бұл сауықтыру орталығында келушілердің денсаулығын қадағалау үшін медициналық бөлмелер мен дене қыздыруға арналған сауналарды да ерекше айтуға болады. Сондай-ақ, көптеген спорттық жарыстар мен іс-шаралардың алдын ала ұйымдастырылуына байланысты конференция залдары да бар. Жарыстар демекші, өткен сенбіде спорт күніне орай, осы кешенде алғашқы сайыстардың бірі ұйымдастырылды. Айтулы мереке күніне орай, Қарасай ауданына қарасты барлық қала, округтер өзара түрлі спорт түрінен бақ сынасып, мерекені өз деңгейінде атап өтті.
Жалпы, спорт мектебінің алға қойған мақсаттары айқын, жоспары жүйелі. Ол жайында директор Дәурен Төлеген айтып өтті.
Келушілерге қашанда есігін айқара ашатын Үшқоңыр спорт кешені – алдағы уақытта Алаштың абыройын асқақ ететін, чемпиондар шығатын орталық болып қалыптаса берсін!