Еліміздегі бірқатар оқу орындарына, нақтырақ айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласындағы мектептерге Нәзір Төреқұлов, Мұстафа Шоқай, Қошке Кемеңгерұлы, Қаныш Сәтбаев, Смағұл Сәдуақасовтың есімі берілмек, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.
Бұл бастама президенттің «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің ерлігіне лайықты баға беріп, халыққа насихаттау тапсырмасына сәйкес қозғалып отыр.
Нұр-Сұлтанда осыған дейін «Алаш» қозғалысының 30 шақты тұлғасына көше атаулары беріліп, 10-ға жуық мектепке аты берілген. Былтыр да бірнеше білім беру ұйымдары Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Шәкәрім атын алған еді.