Белгілі журналист Бейсен Құранбектің бейнесі Талдықорғандағы көпқабаттың үйдің қабырғасына салынуда, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.
– Құдай қаласа «Жетісу» арнасының қапталындағы үйдің іргесінде Бейсен достың бейнесі жымиып тұратын болады!, — деп жазды Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының директоры Серік Әбікенұлы Facebook -тегі парақшасында.
Бір айта кетерлігі, көрерменнің жүрегіне жол таба білген марқұм журналистің бейнесін салдырту бастамысын Алматы облыстық Ішкі саясат басқармасы қолға алып, жүзеге асыруда.
Естеріңізде болса, 18 мамырда 49 жастағы белігіл тележүргізуші Бейсен Құранбек өмірден озған болатын.