«Жас Қанат», «Азия дауысы» байқауларының негізін қалаушы Мұрат Ерғалиев коронавирустан көз жұмды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.
Белгілі продюсердің қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды композитор Төлеген Мұхамеджанов Facebook парақшасында жазды. Мұрат Ерғалиев 63 жаста болған.
«Менің досым — біздің әндерімізді насихаттау үшін өмірін, күшін, энергиясын берген адам, талант өмірден озды. Жас кезінен бастап ол ерекше қиялымен және телеарнада түрлі қызықты бағдарлама, сондай-ақ «Азия дауысы», «Жас қанат» секілді үздік жобаларды, шетелдік әртістердің қазақтың әндерін орындайтын халықаралық конкурсы «Астана» және басқаларды ұйымдастырудағы айрықша шығармашыл жолымен есте қалды. Ал қаншама әртісімізге: Димаш Құдайберген, Медеу Орынбаев, Толқын Забированың шығармышылық тағдырына жол ашты», — деп жазды Мұхамеджанов Facebook желісіндегі парақшасында.