Қазақстанның Ресейдегі жаңа Елшісі  

Қазақстанның Ресейдегі жаңа Елшісі   

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Өкімімен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылып, енді алдағы уақытта Президенттің Жарлығына сәйкес Қазақстанның Ресейдегі Елшісі қызметін атқарады.

Ермек Беделбайұлы 1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1988 жылы C.Киров атындағы Қазақ Ұлттық университетін шет тілінде оқытатын тарихшы мамандығы бойынша тәмамдады. 1993 жылы КСРО Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша аяқтады

Еңбек жолын 1988-1991 жылдары  ҚазССР Сыртқы істер министрлігінің құпия іс-қағаздарын жүргізу бойынша аға инспекторы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы, Сыртқы істер министрінің көмекшісі болып бастаған. Әр жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасының бірінші хатшысы, бөлім меңгерушісі, Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінің консультанты, Қазақстанның  Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, «Нұрсұлтан Назарбаев білім фонды» директорының бірінші орынбасары, «ҚазТрансОйл ҰК» АҚ-ның президент аппаратының басшысы,  Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі қызметтерін атқарды.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях