Қазақстан ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцинаны тышқанға сынап көрді

Қазақстан ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцинаны тышқанға сынап көрді

Үкімет отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Отандық ғалымдар жасаған коронавирусқа қарсы инактивацияланған вакцина сынақтан сәтті өтіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрдің айтуы бойынша қазіргі уақытта жалпы сынақтар сәтті өтіп жатыр. 2020 жылғы 15 мамырда кандидатты инактивацияланған вакцина клиникаға дейінгі сынақтар басталған. Ол тышқандарға егілді. Вакцинаның қауіпсіздік және иммуногендігі тексерілді. 2020 жылғы 10-23 маусым аралығында кандидаттық вакцинаның уыттылығы мен аллергиялық қасиеттері зерттелді. Маусым, шілде айларында әртүрлі жануарға, оның ішінде приматтарға егіліп, ары қарай вакцинаның жалпы иммуногенділігі зерттеледі. Егерде осы тексерістердің бәрі оң нәтиже беретін болса онда сынау жұмыстары жаңа сатыға көтеріліп, қыркүйек айында клиникалық зерттеулерге көшетін болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях