ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитеті Алматы облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті бастығының бұйрығымен азаматтық қорғау подполковнигі Самат Кенжеханұлы Кенжехан 7 қараша 2019 жылдан бастап Қарасай ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.
С.Кенжехан 1985 жылы 22 сәуірде туған. Білімі жоғары, 2006 жылы Көкшетау техникалық институтын өрт қауіпсіздігі маманы ретінде бітірген. 2006-2011 жылдары Талдықорған қаласы өртке қарсы қызмет басқармасының инженері, Қарасай ауданы өртке қарсы қызмет бөлімінің инженері, Қарасай аудандық ТЖБ инженері, аға инженері болған.
2011-2013 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданы ТЖБ бас маманы, Алматы облыстық ТЖД «Өрт сөндіру және апатты-құтқару қызметі» арнауы өрт бөлімінің аға инжинері – ауысым жетекшісі, Алматы облыстық ТЖД №12 өрт бөлімінің қарауыл бастығы болып істеген.
2013-2019 жылдары Іле аудандық «Өрт сөндіру және апатты-құтқару қызметі» №4 өрт бөлімінің қарауыл бастығы, Талғар аудандық ТЖБ бас маманы, Іле аудандық ТЖБ бас маманы, бөлім бастығы қызметін атқарған.
7 қараша 2019 жылдан бері Қарасай аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы.