Ashyq-қа енгізу үшін 100 мың теңге. Түркістан облысында шенеунік ұсталды  

Ashyq-қа енгізу үшін 100 мың теңге. Түркістан облысында шенеунік ұсталды   

Түркістан облысында кәсіпкерлерді Ashyq қосымшасына енгізу үшін пара алған шенеунік ұсталды, — деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, бүгінде Түркістан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Кентау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

«Аталған лауазымды тұлға COVID-19 инфекциясының таралуын тежеу бойынша мемлекет қабылдап жатқан шараларға қарамастан, кәсіпкерлерден Ashyq қосымшасын енгізу үшін оң санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бергені үшін 100 мыңнан 120 мың теңгеге дейін пара алды», — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына («Ұстап алу негіздері») сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях