Биылғы Жеңістің 79 жылдығын атап өту сәтіне өкінішке орай, бір ғана қарасайлық ардагер куә болып отыр. Ол – Павел Половой. Жеңіс күнінде жауынгер ақсақалға лайықты дәрежеде құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Ғасырлық ғұмыр жасқа жақындаған майдангерге ықыласты ілтипат білдіру үшін Алматы облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары Дәулет Шайтұрсын арнайы келді. Ардақты ардагерге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің құттықтау хаттарын табыстап, бейбіт күнді сыйлауға үлес қосқан ерлігіне алғыс айтты.
Сондай-ақ Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Тоққожаұлы да қарасайлық батырға құрмет көрсетіп, жерлестердің атынан Жеңіс күнімен құттықтады.