Қанат Бозымбаев жаңа қызметке тағайындалды

Қанат Бозымбаев жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа көмекшісі тағайындалды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы уақытқа дейін ҚР Энергетика министрі қызметін атқарған Қанат Бозымбаев Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес министрдің қызметінен босатылып, ҚР Президентінің көмекшісі лауазымына тағайындалды.

2016 жылдан бастап ҚР Энергетика министрі болып қызмет еткен Қанат Алдабергенұлы 2009 жылы Жамбыл облысының әкімі, 2013 жылы Павлодар облысының әкімі лауазымында жұмыс атқарған. Одан ертеде әр жылдары ұлттық компанияларда, Энергетика, индустрия және сауда министрлігінде, Экономика және сауда министрлігінде қызмет еткен.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях