28 жастағы ана үш баласымен бірге 9 қабаттан секіріп кетті

28 жастағы ана үш баласымен бірге 9 қабаттан секіріп кетті

Алматыда әйел кішкентай үш баласымен бірге 9-қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, «Жетісу» шағынауданында көпқабатты үйдің терезесінен жас әйел үш баласымен бірге секіріп кеткен.

– 28 жастағы әйел мен оның 2015, 2016 және 2019 жылы туған үш кішкентай баласы 9-қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Әйел мен екі баласы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды, – деп хабарлады полиция департаменті.

Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себептері мен басқа да мән-жайларын анықтау мақсатында Алматы қаласы ПД-де жедел-тергеу тобы құрылды. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях