Алматы облысында өрт салдарынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2020 жылдың 13 желтоқсанында сағат 05.40-та Алматы облысының ТЖД-ға Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өртсөндірушілер оқиға болған жерге 4 минутта жетті, олар келгенде жеке тұрғын үй аумағындағы уақытша тұрғын үй құрылысы толықтай жанып жатты», — делінген хабарламада.
Өрт сөндіру барысында төрт адамның мәйіті табылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.
Өрт сағат 06.09-да ауыздықталып, сағат 06.45-те сөндірілді. Өрттің көлемі 40 шаршы метр. Оның шығу себебі анықталып жатыр.