Алматы облысы озық өңір атанды  

Алматы облысы озық өңір атанды   

Жуырда  Нұр-Сұлтан қаласында Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен  «Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігі» атты  тұңғыш республикалық форумы болып өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облыстық өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Формуда Алматы облысынан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Башбаев, аталмыш мекеменің   қызметкерлері және облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушылары  мен әдіскерлері қатысты. Оның  барысында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, жаһандану үдерісіндегі қазақ тілінің болашағы мен даму бағыттары, латын графикасына көшіру барысы талқыланды. Өңірлердегі тілдік ахуалға мониторинг жасалып, әр өңірдегі өзекті мәселелердің шешу жолдары сарапталды.

Сонымен қатар, жиын аясындағы интерактивті  көрмеде Айдар Карбозұлы облысымызда жүзеге асып жатқан жобалар мен өнімдерді Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға көрсетіп, таныстырды.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях